Павлодарда қоғамдық автобус жол апатына түсті
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда Ломов көшесінде автобус «Lada» маркалы жеңіл автокөлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.
Автобустың жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша айыппұл салынды.