Павлодарда қоғамдық орында жүрген мас тұрғындар жазаланды
Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бір тәулік ішінде 40 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Кибер-шериф» жүйелері белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетудің 30 фактісін тіркеді. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 592 тармағы 1- бөлімі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.
– 9 адам ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша ішімдік ішкені немесе қоғамдық жерде мас күйінде пайда болғаны үшін жауапқа тартылды. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары тыныштықты бұзу фактісі бойынша 6 шақыртуға шықты. 5 азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Азамат Күркебаев.
Айта кету керек, «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында халықпен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін процестерді оңтайландыру мақсатында жазғы кезеңде Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны жасақтарының тығыз орналасуы қайта қаралды.