Павлодарда әйелдер қатерлі ісікке тегін тексеріле алады
Онкологиялық орталықта гинекологиялық обырдың алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық онкология орталығының мәліметінше, ашық есік күні 26 қыркүйекте ұйымдастырылады. Мамандар барлық ниет білдірушілерді консультацияға шақырады.
Қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі. Алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Қабылдауға келген тұрғындардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.
Ашық есік күні Павлодар қаласы, Российская көшесі, 57/3 мекенжайындағы онкологиялық орталықтың А корпусында өтеді.
Қосымша ақпаратты 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98 телефондары арқылы білуге болады.