Павлодарда өрт шыққан пәтерде зейнеткер көз жұмды

Павлодарда өрт шыққан пәтерде зейнеткер көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш бөлмелі пәтерде жиһаз жанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 04:49-да Рылеев көшесіндегі көпқабатты үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

– Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтерді тез арада сөндіруге кірісті. Жалпы ауданы төрт шаршы метрде үй заттары, жиһаздар мен ағаш еден жанды, – деді департаментте.

Көпқабатты үйден өз бетінше 17 адам мен үш бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер үш тұрғынды шығарды. Өртті сөндіру кезінде 1959 жылы туған ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына ТЖД 16 қызметкері мен төрт техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.