Павлодарда 1 шілдеге дейін құдықтарды қалпына келтіру тапсырылды

Павлодарда 1 шілдеге дейін құдықтарды қалпына келтіру тапсырылды
Фото: stroiteh-msk.ru

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов қаланы аралап, абаттандыру және құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Көше жолдарында бұзылған коммуналдық құдықтар көп. Айналасындағы асфальт та ойылған. 1 шілдеге дейін коммуналдық қызметтер құдықтарды қалпына келтіруі тиіс. Жергілікті полиция қызметі оларды тексеріп, шара қолдануы керек, – деп жазды қала әкімі instagram парақшасында.

Сондай-ақ шаһар басшысы Достық шағын ауданындағы жуырда салынып біткен үйлерге барды.  Ол жерде мердігерге ойын алаңдарындағы олқылықтарды түзетіп, кейбір құрылғыларын ауыстыру және үйлердің маңында сенбілік ұйымдастырып, аумақты тазарту бойынша тапсырма берді. Бұдан бөлек, Сарыарқа шағын ауданында да салынып жатқан үйлерді қарап шықты. Мердігерге құрылысты жеделдетіп, сапалы күйінде тапсыру қажеттігін ескертті. 

ТҮКШ бөліміне гүлзарлар мен жасылдандыру жұмысын бақылап, қоқыстардан тазарту, сәулет бөліміне ескірген жарнамалық белгілер мен ғимараттардың қасбеттеріне үнемі мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті.

Айта кетерлігі, жеке сектордағы көшелерді асфальттау, Кіші айналма жол көшесіндегі асфальт жабындысы бар тротуар төсеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov