Павлодарда 11 ақпанда дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеге 4 ауданның тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласында 11 ақпан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оны Торговая көшесі, 2А мекен-жайындағы Jailau базарында (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) өткізу жоспарлануда.
- Жәрмеңкеге Тереңкөл, Павлодар, Аққулы, Успен аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Шикі сүт Успен ауданының «Галицкое» ЖШС, Павлодар ауданының «Карандашов» ЖК сүт тасымалдаушыларынан қамтамасыз етіледі, - делінген хабарламада.
Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС 36 мың данадан қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
Жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы-2500 теңге/кг, жая-2500 теңге/кг, төс еті - 2300 теңге / кг, антрекот-2300 теңге/кг), сиыр еті-1900-2100 теңге/кг (жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрекот - 1900 теңге/кг, қабырға - 1700 теңге/кг, төс еті - 1900 теңге/кг), қой еті-1900-2100 теңге/кг (алдыңғы бөлігі-1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг), шикі сүт – литріне 190 теңге, 1-санаттағы жұмыртқа - 420-450 теңге/ондық, жаңа егіннің балы-2300 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы - 700-780 теңге/л, жоғары сұрыпты ұн-200 теңге/кг, картоп, сәбіз - 95 теңге/кг, қырыққабат - 95 теңге/кг.