Жұма күні Павлодар облысында қалың тұман түсіп, аяз күшейеді

Жұма күні Павлодар облысында қалың тұман түсіп, аяз күшейеді

«Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 10 ақпанда  түнде және таңертең  облыстың солтүстік-шығысында, облыс орталығында тұман күтіледі.

Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.  

Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші секундына 5-10 метрді құрайды. 

Түнде -26...-28, күндіз -16..-18 градус аяз болады.