Павлодарлық оқушылар наурыздағы ҰБТ тапсыру үшін өтінімдер жолдай алады

Павлодарлық оқушылар наурыздағы ҰБТ тапсыру үшін өтінімдер жолдай алады
Фото:pixabay.com

Өтініштерді қабылдау 25 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
  • шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
  • өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
  • шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге. ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін жерді, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдауға болады.