Павлодарда 15 қыркүйекте бірқатар мекенжайда жарық өшіріледі
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясын беру бірнеше сағатқа уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Кунавин, Амангелді және Баратбаев көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерде электр энергиясы болмайды.
Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Гагарин көшесі, 34 мекенжайындағы тұрғын үй, «Мархабат» дүкені мен «BABYSPA» балалар массажы және гидромассаж орталығы, К.Исабаев көшесі, 38/1 мекенжайындағы «ASSORTI» дүкені және Қ.Нұркин көшесі, 100 мекенжайындағы «Орбита» дүкені жарықсыз қалады.
Осы уақытта Гагарин – Нұркин – Амангелді – Ш.Уәлиханов көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлерде де электр қуаты уақытша ажыратылады.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Қамзин көшесі, 351 мекенжайындағы «Удача» дүкенінде және Онежская, Ворушин, Қамзин, Волочаевская, Ладожская көшелерінің бірқатар бөлігіндегі жеке үйлерде электр энергиясы болмайды. Сондай-ақ Онежская – Қамзин – Новосибирская – Волочаевская көшелері арасындағы тұрғын үйлер, «Энтузиаст» және «Строитель» бау-бақша қоғамдары жөндеу жұмыстарына байланысты жарықсыз қалады.
Жоспарлы ажырату Лесозавод шағын ауданын да қамтиды. Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Ақкөл, Новоселов, Суров, Әуезов, Гайдар көшелеріндегі, 3-ші өткелдегі жеке үйлерде, сондай-ақ «Иртыш» бау-бақша қоғамында электр қуаты уақытша тоқтатылады.