Павлодарда 151 автобус маршруты жұмысын тоқтатады
Автокөлік кәсіпорны қызмет көрсетуден бас тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің деректері бойынша № 151 шағын класты автобус маршрутының жұмысы тоқтатылды. Себебі, автокөлік кәсіпорны қызмет көрсетуден бас тартты. Маршруттағы қозғалыс жүйелілігі ұзақ уақыт бойы қажетті деңгейдің 10%-нан төмен болды, – деді «109» қызметінде.
Тасымалдаушы босатылған автобустарды басқа бағыттарға қызмет көрсетуге жібереді.