Павлодарда 25 қыркүйекте екі тұрғын үй жарықсыз қалады
Электр энергиясы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты төрт сағатқа ажыратылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ледовский көшесіндегі 39 және 41-үйлерде электр қуаты уақытша тоқтатылады.