Павлодарда аға буын өкілдеріне тегін концерт өтеді
Мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
9 қазанда Естай атындағы Мәдениет сарайында Қарттар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады.
– Бұл күн – өмір жолы өнеге мен даналыққа толы жандарға деген құрмет пен алғысымызды білдіретін ерекше мереке, – дейді ұйымдастырушылар.
Концерт сағат 11:00-де басталады. Аға буын өкілдері мен қала тұрғындары мерекелік бағдарламаны тегін тамашалай алады.
Өтетін орны – Естай атындағы Мәдениет сарайы, Конституция алаңы, 1.