Павлодарда «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті

Павлодарда «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті
Фото: Константин Шелков

Байқауға  106 оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, республикалық «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңі № 14 жалпы орта білім беру мектебінде ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға қаланың 38 жалпы білім беретін мектебінен 8-11 сыныптың 106 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша, 60 қатысушы жүлдегер атанды. Оның ішінде: бірінші орынды – жеті оқушы, екінші орынды – жиырма үш оқушы, ал үшінші орынды 30 оқушы иеленді. 

Айта кетейік, алдағы уақытта байқау жеңімпаздары жарыстың облыстық кезеңіне қатысады.