«Үздік педагог-2024»: Павлодарда байқаудың қалалық кезеңі өтті

«Үздік педагог-2024»: Павлодарда байқаудың қалалық кезеңі өтті
Фото: Константин Шелков

Балабақшаның 14 педагогі педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қатысушылар балалардың назарын игеруді көрсетіп, өз жұмыс жүйелерін, іске асырылған жобаның негізгі идеясын және алынған нәтижелерді көрсетті.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі – 2024» республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысын шығарды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені № 8 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Мақпал Сырымбаева иеленді. Мәселені шешу үшін педагог инновациялық дидактикалық ойындарды қолдана отырып, жаңа материалды игеруге негіз болатын жағдайларды, әдістер мен тәсілдерді қолданды.
Бірінші орынды № 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Хабиба Оразгалина алды. Ұстаз балалардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын дамытуда Марблс тастарын қолданудың тиімді әдістерін көрсетті.
Екінші орын иегері – № 20 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Башетова Мансия. Қатысушы инновациялық әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, балалар ұжымын шебер меңгерген.

Ал үшінші орынды № 32 сәбилер бақшасының музыка жетекшісі Анар Садуақасова иеленді. Ол практикада қолданатын квест технологиясы мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігі мен бастамашылығын дамытуға бағытталған жобаны ұсынды.

«Мамандыққа адалдық» номинациясы бойынша № 33 сәбилер бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Салтанат Мақұлжановаға, «Креативті педагог» номинациясы № 27 сәбилер бақшасының қазақ тілі мұғалімі – Лаура Жармағамбетоваға берілді. «Шығармашыл педагог» номинациясымен № 33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Алтын Мұхтарова марапатталды.
Сондай-ақ, байқау лауреаттары – № 112 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Кристина Соболевская, № 111 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Татьяна
Гофман атанды.

Айта кетейік, ең көп балл жинаған қалалық кезеңнің бес жеңімпазы байқаудың облыстық кезеңіне жіберіледі.

Бұдан бөлек, байқау жүлдегерлерін салтанатты марапаттау Мұғалімдер күніне арналған қалалық іс-шарада өтеді.