Павлодарда адам өліміне себепкер болған ЖКО қатысты тексеру басталды
Оқиға кеше «Омбы – Майқапшағай» автожолында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 қараша күні сағат 23:30 шамасында «Омбы – Майқапшағай» автожолында Аққулы ауылының маңында «ВАЗ-2107» және «Hyundai Sonata» маркалы екі автокөліктер соқтығысқан.
- Апат салдарынан «ВАЗ-2107» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал «Hyundai Sonata» автокөлігінде болған екі жолаушы түрлі жарақаттармен Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тексеру басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
Еске сала кетейік, жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 4 минутта жеткен.