Павлодарлыққа сыйға тартылған сертификат үшін ақшаны қайтарып берді

Павлодарлыққа сыйға тартылған сертификат үшін ақшаны қайтарып берді
Фото: pixabay.com / artistlike

Тұтынушылардың жиі қойылатын сұрақтарының бірі – сыйлық сертификаттарының жарамдылық мерзімі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, 24 шілде күні сыйлық сертификаттарының шарттарына қатысты Ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді. Ішкі сауда ережелерінің 66-тармақшасының 1-тармағына сәйкес сыйлық сертификаты (сыйлық картасы) иесіне белгілі бір сомаға тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін купон немесе карта болып табылады.

Сондай-ақ, 36-тармаққа сәйкес сатушы өтеусіз негізде тарататын, қолданылу мерзімі мен шарттары белгіленген сертификаттарды қоспағанда, тауарлар мен қызметтерге сатылған сыйлық сертификаттарының әрекет ету мерзімі үш жылға дейін болады, – деді ведомствода.

Сыйлық куәлігі ішінара пайдаланылған жағдайда, қалған сомасы бар сыйлық сертификаты үш жылдық жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін әрекет етеді немесе сертификат иесінің өтініші бойынша қалған сома ол көрсеткен деректемелерге қайтарылады. Бұл стандартқа сатушы тегін тарататын, жарамдылық мерзімі мен шарттарын сатушы белгілейтін сертификаттар кірмейді.

Жақында біздің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сыйлық сертификатын қайтаруға қатысты өтініш түсті. Тұтынушының айтуынша, тамыз айында күйеуі оған 100 мың теңге көлемінде сыйға массаж жасауға сертификат сатып алған, төлем аударым арқылы жүргізілген. Тұтынушы күйеуі берген сертификатты пайдалана алмайтынын айтып, массаж орталығынан сертификаттың ақшасын қайтаруды сұраған. Орталық қызмет көрсетуден бас тартып, оған бар болғаны 20 мың теңгені қайтаруды ұсынды. Осыдан кейін тұтынушы біздің департаментке осы жағдайда көмектесуімізді сұрап, жазбаша өтініш берді. Кейіннен осы массаж орталығының иесі кеңес алу үшін департаментке жүгінді. Біздің департамент мамандары кәсіпкерге түсініктеме берді, – дейді департаменттің баспасөз орталығында.

Осыдан кейін массаж орталығы тұтынушыға сыйға тартылған сертификат үшін 100 мың теңге көлемінде ақшаны қайтару туралы шешім қабылдады. Мәселе шешілгендіктен, тұтынушы өз өтінішін қайтарып алды.

Осыған ұқсас жағдайға тап болған тұтынушылар құқықтарын қалпына келтіру үшін Генерал Дүйсенов көшесі, 9 мекенжайы бойынша немесе шағымдарды қабылдаудың бірыңғай платформасы E-otinish.gov.kz арқылы, E-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе +7(7182)55-10-70 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.