Павлодарда TOU-дың алғашқы студенттері Сoursera сертификаттарын алды
Сегіз білім алушыға Coursera алаңында онлайн-оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық студенттер Coursera алаңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің халықаралық білім беру алаңының топ-менеджерлерімен уағдаластығының арқасында оқи алады.
– Бір курсқа теориясы мен практикалық сабақтары бар бірнеше модульдер кіреді, олардың авторлары – әлемнің жетекші жоғары оқу орындары. Біз үшін ең танымал бағыттар бойынша курстар күніне екі сағатқа есептелген. Бірақ өте ынталы студенттер Coursera-да қарқынды жұмыс істейді. Өтінімдерді қабылдағаннан кейін екі күн өткен соң біздің студенттер арасында алаңның алғашқы түлектері болды, – дейді ToU Академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Қасенов.
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Шыңғыс Бекет 48 сағат ішінде Coursera-дан бірден төрт курстан өтті. Ол Python бағдарламалау тілін үйренді және meta-дан қосымшаларды әзірлеу бойынша оқуды жалғастыруда. Торайғыров университетінің студенттері басқа бағыттар бойынша да сертификаттар алды.
Ерсәулет Әбдірайымов «ХХІ ғасырдағы іскерлік қарым-қатынас», ал Бағдан Тыныбек - «Іскерлік хатты жақсы жазу» курстарын оқыды. Оқушылар онлайн-алаңмен жұмыс істеудің ыңғайлылығын атап өтті. Бұл – шетелдік білім беру жүйесін зерделеу мүмкіндігі. Білім алушылар Coursera-мен әрі қарай жұмыс істеуге дайын және басқа студенттерге онлайн білім берудің осы әдісін ұсынады.
Coursera – 2012 жылы Стэнфорд университетінің информатика профессорлары құрған ашық онлайн курстардың негізгі провайдері. Coursera университеттермен және басқа ұйымдармен серіктес болып, әртүрлі пәндер бойынша онлайн курстар өткізеді, сертификаттар және дәрежелер ұсынады.