Павлодар бірден төрт көлік соқтығысты

Павлодар бірден төрт көлік соқтығысты
Фото: Константин Шелков

Жолаушылар медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Toyota Mark II» автокөлігінің жүргізушісі «Hyundai Accent» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Hyundai» жүргізушісі «ВАЗ 2115» көлігіне, «Chevrolet Nexia» автокөлігіне соқтығысқан. 

Жол-көлік апаты салдарынан «Hyundai Accent» көлігінің жолаушылары медициналық көмекке жүгінген. 

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.