Павлодарда алғашқы адамдардың еңбек құралдары табылды

Павлодарда алғашқы адамдардың еңбек құралдары табылды
Фото: М.Катаев атындағы оқушылар

М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайы археология мектебінің тәрбиеленушілері экскурсияға шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шараның мақсаты – Ертіс өңірінің жартастарындағы жазуларды зерттеу. 

Торайғыров университеті Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Виктор Мерцтің жетекшілігімен Майқайың станциясынан оңтүстік шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан Ақбидайық жартас суреттер кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Археологиялық кешенді  1990 жылы Виктор Мерц ашқан.

– Кешен солтүстік-шығыс Сарыарқаны мекен еткен энеолит және қола дәуірі тайпаларының бірегей өнері, археологиясы мен рухани мәдениеті тарихының дерегі ретінде үлкен тарихи-мәдени маңызды нысан болып табылады, – деді археология мектебінің жетекшісі Әсемгүл Бессинбенова.

Жас археологтар экскурсия барысында қырғыш, кетпен, балға секілді  алғашқы адамдардың еңбек құралдарын тапты.