Павлодарда ардагер энергетиктерді құттықтады

Павлодарда ардагер энергетиктерді құттықтады
Фото: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

Кеш қонақтары үшін дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Энергетик» емдеу-сауықтыру орталығында компанияның ардагер қызметкерлерін Қарттар күнімен құттықтады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ардагерлер кеңесі мүшелерінің жалығатын уақыты жоқ: кездесулер, мерекелер, табиғат аясында серуендеу, қайықпен саяхаттау, театрларға бару және тағы басқа шаралар ұйымдастырылуда. Кәсіпорын басшылығы ардагерлер кеңесіне әрқашан белсенді түрде қолдау көрсетіп, демалысты ұйымдастыруға көмектеседі, – дейді компанияда.

Сонымен, мереке қарсаңында «Энергетик» өнеркәсіп ардагерлері үшін концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан жайылды. Кәсіпорын басшысының атынан тәжірибесі бар энергетиктерді бас директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Игорь Жур мен «Павлодарэнерго» АҚ энергетикалық жүйе қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев құттықтады.