Павлодарда арзан бағада шикі сүт сатылады
Экологиялық таза өнімді апта сайын сатып алуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жайлау» фермерлік базарында әр сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері көше қатарларында литріне 200 теңге бағасымен сатылатын болады.
Өндіруші – Павлодар ауданының «Дымура» жеке кәсіпкерлігі.