Павлодарлық спортшылар республикалық турнирде чемпион атанды
Қатысушылардың біріне ХДСШ куәлігі табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10-15 сәуір аралығында Алматы қаласында батуттық гимнастикадан ҚР жеке-командалық чемпионаты аяқталды. Өңір намысын жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары қорғады.
Жарыс нәтижесі бойынша батутта жеке секіру санаты бойынша бірінші орынды Виктория Бутолина, екінші орынды Анастасия Афанасьева; командада шағын қос батутта секіру санаты бойынша екінші орынды Данияр Түсіпов, үшінші орынды Алина Сарсембаева мен Анастасия Афанасьева иеленді; синхронды секірулерде әйелдер арасында Виктория Бутолина мен Анастасия Афанасьева, ерлер арасында Руслан Измайлов күміс медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, Алина Сарсембаева, Виктория Бутолина және Анастасия Афанасьева батутта командалық секірулерде чемпион атанды.
Виктория Бутолинаға ресми түрде ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі табыс етілді.