Павлодарда құрылыс қалдықтарының үлкен көлемі анықталды
Экологтар облыс тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының қызметкері экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің жолын кесу және жою мақсатында ай сайынғы рейд шеңберінде Павлодар қаласының Успен көпірі мен Кіші айналымға шықты. Ай сайынғы рейдтер барысында рұқсат етілмеген үйінділерде құрылыс қалдықтарының үлкен көлемі анықталды.
– Полигондар тіркелді, бірақ қоқысты тастағандарға айыппұл салу мүмкін емес. Себебі, қылмыс үстінде ұстау керек, бұл құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді. Ал жергілікті атқарушы органдарға полигондарды жою мерзімдерін ұсынамыз. Егер жойылмаса, әкімшілік жауапкершілік мәселесі көтеріледі, – дейді департаментте.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылаушы орган экология департаменті атынан қалдықтарды заңсыз жинағаны үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 %, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200% мөлшерінде айыппұл салынады.
Қалдықтардың топырақтың, судың, ауаның ластануына, климаттың өзгеруіне, сондай-ақ бүкіл экожүйенің тепе-теңдігін бұза отырып, адам мен жануарлардың денсаулығына әсер ететін зиянын атап өткен жөн.
Экологтар облыс тұрғындарын қалдықтарды қабылдау орындарына және қайта өңдеуге тапсыруға шақырады, бұл қоршаған ортаға түсетін салмақты айтарлықтай азайтады.