Павлодарда Астана күніне арналған поэзиялық кеш өтеді
Байқауға 67 жастан 83 жасқа дейінгі 18 адам қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінде «Ән, айт, домбыра! Гүлдене бер, менің Астанам!» атты поэзия сайысы ұйымдастырылады. Жарыс бағдарламасында павлодарлық және қазақстандық авторлардың шығармалары, сондай-ақ қатысушылардың төл өлеңдері орындалады.
Аталмыш іс-шара финно-угор этномәдени орталығы және «Қоғамдық келісімнің» ұйымдастыруымен және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қолдауымен өтеді. Бағдарлама мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
Айта кету керек, ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын 4 шілде күні сағат 11:00-де «Достық үйінде» күтеді.