Ресейде бизнес серіктесін өлтірген Павлодар тұрғыны ұсталды

Ресейде бизнес серіктесін өлтірген Павлодар тұрғыны ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қылмыс жасағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен тәртіп сақшылары Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінің Шарыпово қаласында өзінің бизнес серіктесін өлтірген Павлодар тұрғынын ұстады.

Еске сала кетейік, оқиға ақпан айында болған. Кәсіпкердің денесін полицейлер павлодарлық үйлердің бірінің ауласынан тапты. Тәртіп сақшылары адам өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.