Павлодарда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған байқау өтті

Павлодарда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған байқау өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өнерлі жеткіншектер арасынан төрт қатысушы республикалық финалға жолдама алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балалардың шығармашылығын қолдауға бағытталған «Жұлдыз болғым келеді» республикалық ән байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Бұл жоба – Павлодар облысы Тереңкөл ауданы балалар үйінің түлегі Алексей Лодочниковтың бастамасы. Идеяның мақсаты – өнерлі тәрбиеленушілерге өз талантын танытуға мүмкіндік беру.

– Іріктеу кезеңінде жеті қатысушы өнер көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде Эвелина Чистякова, Римма Самойлова, Аида Самойлова және Доминика Савина республикалық кезеңге жолдама алды, – деді облыстық білім басқармасында. 

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен бірінші, екінші дәрежелі дипломдар табысталды, ал қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, байқаудың финалдық кезеңі желтоқсан айында Астана қаласында өтеді. Онда жеңімпаздар өңір намысын қорғап, басты сыйлықтар – шетелге саяхат және MacBook, iPhone, Яндекс станциясы сынды құнды жүлделер үшін бақ сынайды.