Павлодар балалар би студиясы жоспарларымен бөлісті

«Tип-Toп» эстрадалық үлгілі би студиясы 2012 жылы құрылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Студияның басшысы, хореограф және М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі студиясының педагогы Дина Гимазетдинова топтың жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, «Tип-Toп» құру идеясы арманнан туған.
- Менің арманым – әр бала биде қуанышқа кенелсе, өз-өзіне сенімді болса және шығармашылық қабілетін шыңдаса, - дейді Дина Гимазетдинова. – Ұстаз еңбегі – жай кәсіп емес, үлкен жауапкершілік деп білемін. Студия алғашқы күннен-ақ білім алуға, өнер көрсетуге, жарқырап көрінуге дайын, дарынды, ізденімпаз, белсенді балаларды қызықтыратын орынға айналды.
Одан бөлек, балаларға педагог-хореограф Валерия Мамизерева тәлім тәрбие беріп, өз тәжірибесімен бөліседі. Ол балаларды жаңа жетістіктерге шабыттандыратын жігерлі, шығармашылық адам.
Балалар күн сайын қауырт жұмыс үстінде: билейді, көңіл-күй көтереді және армандайды. Олар хип-хоп, эстрадалық би және басқа да әуендер ырғағымен авторлық, классикалық және сахналық қойылым элементтері бойынша жаттығады. Атмосфераға ерекше назар аударылады - әрбір бала өзін жайлы, бақытты сезінуі керек.
«Tип-Toп» студиясының өнерпаздары жаңа концерттік бағдарламаны орындауға дайындалып жатыр. Алдағы уақытта бүлдіршіндер қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сахналарда өздерін көрсететін болады.
Есептік концерт 27 мамырда Оқушылар сарайында өтеді және балаларды қорғау күніне арналады.