Павлодарда ауыл оқушылары IQanat олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады

Павлодарда ауыл оқушылары IQanat олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады

Облыста ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының екінші кезеңінде 150-ге жуық оқушы білімдерін сынамақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

IQanat қорының мәліметінше, облыстық кезеңге 10 ауданнан барлығы 139 оқушы қатысады. 

Олимпиада 2023 жылғы 24-25 наурызында облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында өтеді (Павлодар қ., Академик Шөкин көшесі, 146).

- IQanat – ауыл оқушыларын қолдау үшін жүзден астам қазақстандық кәсіпкерлер ұйымдастырып отырған әлеуметтік-білім беру жобасы. Осы бағдарламаның арқасында жыл сайын мыңдаған оқушылар мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушылар грантқа Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне түседі, - деді қорда. 

Павлодар облысындағы олимпиаданың бірінші кезеңі 2022 жылдың қараша айында өтті. Екінші кезең жеңімпаздары республикалық слетте финалға қатысуға жолдама алады. 

Финалдың барлық жеңімпаздары дарындылықты дамыту бойынша Қазақстанның ең мықты мектептерінің бірі – IQanat High School of Burabay-ға гранттар алады. 

Ал, барлық финалға қатысушыларды олимпиададан кейінгі қолдаудың 3 жылдық бағдарламасы күтеді. Оған ҰБТ-ға, үздік қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық, ең бастысы, ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстары кіреді: көшбасшылық және IT дағдылары, өзін-өзі ынталандыру, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық және т.б. 

Қордың қызметі туралы толық ақпаратты @iqanat.kz Instagram парақшасынан алуға болады.

Фото: ашық дереккөздерден