Екібастұзда бастауыш сыныптардың сабақтары онлайн форматқа ауыстырылды

Екібастұзда бастауыш сыныптардың сабақтары онлайн форматқа ауыстырылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

5 желтоқсан күні екінші ауысымдағы сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты 0-4-сыныптар қашықтықтан оқиды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған болатын. 

Қызылорда – Павлодар – Успен – РФ  шекарасында 1370-1135 км (Ленин кентінен Қарағанды облысы шекарасына дейін) автомобиль жолының учаскесінде сағат 09-20-дан бастап қозғалысқа шектеу енгізілді.

Сондай-ақ Беловка – Қалқаман учаскесі жабылды.