Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды қолжетімді бағамен сапалы өнім алуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара 31 мамыр күні Торговая көшесі, 2А мекенжайында, Космонавтар мен Торговая көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Олар қала тұрғындарына әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкеде сиыр еті 2300 теңге, жылқы еті 2300-2500 теңге, қой еті 1900-2100 теңге аралығында сатылады. Сонымен қатар бірінші санаттағы жұмыртқа ондығы 420 теңгеден, шикі сүт литрі 250 теңгеден, бал бір килограмы 2000-2500 теңге аралығында ұсынылады. Картоптың бағасы 110-120 теңге, ал сәбіздің келісі 95-100 теңге шамасында болады.