Павлодарда ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылады

Павлодарда ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылады
Фото: Валерий Бугаев

18 шілдеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жәрмеңке Торговая көшесі, Құрылыс 2А, Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында өтеді.

Жәрмеңкеге Железин, Теренкөл, Шарбақты, Павлодар аудандарының және Павлодар қаласының жергілікті тауар өндірушілері қатысып, тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар мұндай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері сенбі күндері Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтарын жәрмеңкеге қатысып, жергілікті өндірушілердің сапалы өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға шақырады.