Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкеге үш ауданнан өнімдер әкелінеді
Жәрмеңкеде көкөністер, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері және басқа да тауарлар ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 9 қыркүйек күні Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
– Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, – делінген хабарламада. – Сондай-ақ, фермерлер базарында етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.
Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС қамтамасыз етеді.
Сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында өтеді.
Фермерлер нарығының жұмыс кестесі сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.