Павлодарда курьер арқылы колонияға смартфондар кіргізілмек болды

Павлодарда курьер арқылы колонияға смартфондар кіргізілмек болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тексеріс жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілері №45 мекемесін күзету кезінде қырағылық танытып, тыйым салынған заттарды ішке кіргізу әрекетінің жолын кесті.

Сотталғандардың біріне «Яндекс» курьері арқылы ыстық тамақ жеткізу тапсырысы жеткізілді. Тамақ салынған қораптарды металл іздегішпен тексеру барысында күдікті заттар анықталды. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен бірлесе отырып, палау мен қарақұмық салынған контейнерлерден сегіз смартфон және бір Wi-Fi роутер табылды.

– Тексеру барысында мекеме аумағына байланыс құралдарын кіргізудің алдын алдық, – деп атап өтті 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшісі.

Оқиға туралы жедел кезекші бөлімге дереу хабарланды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, тамақ жеткізуге тапсырыс бергендер мен курьер алған тағамның қайдан келгені анықталуда.

Айта кетейік, 60 жылға жуық тарихы бар 6679 әскери бөлімі бүгінде шамамен үш жүз мерзімді әскери қызметшінің қатысуымен қоғамдық тәртіп пен күзетті қамтамасыз етеді.