«Ювентусты» жеңген павлодарлық жасөспірімдер үйге оралды

«Ювентусты» жеңген павлодарлық жасөспірімдер үйге оралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жас футболшыларды Павлодар әкімі құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Хасар Хабылбеков Instagram-парақшасында жас футболшылармен кездесуі туралы жазды.

– Бүгін жас чемпиондарымыз – Abu Dhabi Cup 2025 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған RB ARMAN футбол командасын құттықтап, қошемет көрсеттік! Бұл – қаламыз үшін зор жетістік. Өйткені балалар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп қана қоймай, Павлодардың атын әлемдік футбол аренасында асқақтатты. Әрбір ойыншымен мақтанамын! Болашақта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін! – деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша, бұл жеңіс – жігіттердің тынымсыз еңбегі, талантты, командалық рухы және футболға деген шынайы адалдығының нәтижесі.

Алда спортшыларды «Манчестер Ситимен» өтетін ойындар күтіп тұр.

Бұған дейін жас футболшыларды облыс әкімі Асайын Байханов та құттықтаған болатын. Олар 22 елден келген 36 команданың арасынан үздік атанды. Топтық кезеңде павлодарлықтар әйгілі «Ювентус» командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңсе, финалдық кезеңде «Манчестер Сити» клубының құрамасын ұтып, турнир чемпионы атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)