Екібастұзда екі автобус маршруты уақытша өзгереді

Екібастұзда екі автобус маршруты уақытша өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 21 тамыз сағат 18:00-ден 24 тамызды қоса алғанда Абай көшесінің М. Жүсіп көшесімен қиылысы аумағында автокөлік қозғалысы шектеледі. Бұл шектеу асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

М. Жүсіп көшесі бойынша қозғалыс әдеттегідей, ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады.

Жөндеу жұмыстары кезінде қоғамдық көлік қозғалысының бағыты да уақытша өзгереді:

  • №7 автобус маршруты: Абай көшесімен жүріп, Б. Момышұлы көшесіне бұрылады, одан кейін Бұқар Жырау көшесіне шығады. Кері бағытта: М. Жүсіп көшесі – Бұқар жырау көшесі – Б. Момышұлы көшесі – Абай көшесі арқылы өтеді;
  • №2 маршрут: Б. Момышұлы көшесімен жүру кезінде Бұқар жырау көшесі арқылы М. Жүсіп көшесіне бұрылып, әрі қарай өз бағытымен жалғастырады.

Ведомство жол қозғалысы үлгісінің өзгеруіне байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.