Павлодарда бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді

Павлодарда бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді

Оған Нұрмағамбетов көшесіндегі жылу желісіне жоспарлы күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуі себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, № 5, 10, 14, 55, 57, 66 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгертулер енгізілді.

- 21 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Нұрмағамбетов көшесіндегі жылу желісіне жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты Комсомольская – Қарағанды көшелерінің шекараларында № 5, 10, 14, 55, 57, 66 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады, - делінген хабарламада.

Аталмыш автобус маршруттары  Нұрмағамбетов көшесімен шығыстан батысқа қарай келе жатқан кезде Мүткенов көшесіне солға бұрылады, содан кейін Геринг көшесіне оңға бұрылады, кейін Елгин көшесіне оңға бұрылып, Нұрмағамбетов көшесіне солға қарай және маршруттар бойынша бұрылады.

Кері бағытта дәл  солай жүрді.