Павлодарда бірнеше әлеуметтік нысандарда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Н. Назарбаев даңғылы, 155 (Жиһаз әлемі);
- Ломов көшесі, 140 (Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры), 140/1 («Батыр» спорт кешені);
- Таллинская – С. Нұрмағамбетов – Целинная – Заслонов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Қамзин көшесі, 171/1, 190 («Навигатор» автоүйі), 198 («Строй с нами» құрылыс материалдар дүкені), 212;
- Қамзин – Семенченко – Теплов – Гагарин, Қамзин – Теплов – Амангелді – Ворушин көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.