Павлодарда балабақшада балалаларға дауыс көтерген педагог жазаланды

Павлодарда балабақшада балалаларға дауыс көтерген педагог жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ата-аналар мұғалімді балалармен сабақтан шеттетуді талап етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

4 сәуірде №121 бөбекжай әкімшілігіне мектепке дейінгі «Капитандар» тобының ата-аналарынан музыка жетекшісінің балаларға қатысты дөрекі қарым-қатынасы мәселесі бойынша өтініш түсті. Ал, маусымда әлеуметтік желіде сол қатыгездік фактінің кадрлары жария етілді. 

Балабақша әкімшілігі ата-аналар мен музыкалық жетекшінің қатысуымен бейнекамералардың жазбаларына мониторинг жүргізді. Әдіскердің сабағына талдау жасады. 

– 3 сәуірдегі камералардан жазбаларды қарау кезінде мұғалімнің сабағы әдістемелік сауатсыз жүргізілгені анықталды, музыкант дауысын көтеріп, балаларды дөрекілікпен орындыққа отырғызды, – деді қалалық білім беру бөлімінде. 

Ата-аналардың өтініші негізінде 11 сәуірде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді. Кеңестің ұсынысы негізінде музыка жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған сөгіс жарияланды.

Еске сала кетейік, жуырда №116 балабақша тәрбиешісі балалардың шашынан жұлқылап, бетінен шапалақпен ұрып, итеріп, денесінен ұрып-соғып, киімдерін дөрекілікпен ауыстырып жатқан сәттері камераға түсіп, әлеуметтік желіде жария етілді. Жағдайды облыстық полиция департаменті тергеп жатыр.