Павлодарлық полицей: домбыраның үні көп нәрсені айтады

Павлодарлық полицей: домбыраның үні көп нәрсені айтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары келесі жылы көбірек домбырашыларды тартпақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жыл сайын погон киген домбырашылар белгілі музыкалық композицияларды орындай отырып, өздерінің шеберлігі мен жан-жақты талантын көрсетеді. 

Биыл да Домбыра күнін мерекелеу қарсаңында тәртіп сақшылары Құрманғазының «Арыс жағасында» әуенін орындады.

– Мен бала кезімнен домбыраны жақсы көремін және ұлттық аспапта ойнайтын адамдарды құрметтеймін.  Домбыраға деген сүйіспеншілікті ата-бабаларым оятты, мектепте домбырада ойнау үйірмелеріне бардым. Кейін музыкалық мектепті бітірдім. Аспаптың дыбысы көп нәрсені айтады – бір әуенмен адамның өмірі, қуанышы, оның проблемалары туралы айтуға болады, – дейді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Жәнібек Қабышев. 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың маусым айында Қазақстанда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту идеясы төңірегінде қоғамды шоғырландыру мақсатында Ұлттық домбыра күні белгіленді.