Павлодарда балабақшада су болмайды

Су құбырын қайта қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуір күні сағат 9:00-ден 5 сәуір сағат 9:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Толстой көшесі, 90;
- Катаев көшесі, 13, 15, 17, 19, 21, 23 (№86 балабақша), 25.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрап, су қорын алдын ала жинап алуға кеңес береді.