Павлодарда сервистік орталықтардың жұмыс кестесіне өзгеріс енді
Мереке күніне байланысты жылу мен электр энергиясы үшін есеп айырысу пункттері жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қаңтар – сервистік орталықтар мен төлемдерді қабылдау пункттерінде демалыс күні.
– Сіздің жайлылығыңыз үшін жылу мен электр энергиясы үшін төлемді қашықтықтан жүргізуді ұсынамыз. Жеке тұлғалар Kaspi.kz, Halyk мобильді қосымшалары немесе Kassa24 терминалдары арқылы есеп айырыса алады. Ал жеке кәсіпкерлер үшін Kaspi.kz (деректемелер бойынша) немесе Kaspi Pay мобильді қосымшалары қолжетімді, – делінген хабарламада.
8 қаңтардан бастап тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары әдеттегі қалыпты тәртіпте жұмыс істейтін болады.