Павлодарда бағбаншылықтарда жарық болмайды

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 сәуір күні сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Достық, 14 жылдық көшесі, ДЭУ аумақтарында электр қуаты сөндіріледі:
- «Наройл», «Юг – ДЭУ», «14 жылдық» автожанармай құю станциялары;
- «Южный», «Строитель», «Энтузиаст» бағбаншылықтары.