Павлодарда бағдаршамның қызыл түсін елемейтіндердің саны артқан
Жүргізушілер жауапқа тартылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары әлі де ауыр - бұл жарақат алу және, өкінішке қарай, адамдардың қаза болуы. Күн сайын жолдарда жауапсыз жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер кездеседі. Ережелерді елемей, олар жол қозғалысына басқа қатысушыларға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, өз өмірі мен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
- Мәселен, Павлодар қаласында Н.Назарбаев даңғылында Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, жол қозғалысына басқа қатысушылар үшін қауіпті жағдай туғызған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері тәртіп сақшылары жүргізушілердің бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтуінің 1508 фактісінің жолын кесті.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.