Павлодарда «Беларусь» мәдени орталығының 25 жылдығы аталып өтті
Салтанатты шара Достық үйінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осы жерде мәдени орталықтың 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай концерт ұйымдастырылды. «Надзея» вокалдық ансамблі өз тыңдармандарын жинап, қазақ жеріне деген құрмет пен беларус дәстүрлеріне толы бағдарламасын ұсынды.

Концерт «Сүгірдің термесін» орындаумен ашылып, содан кейін қонақтарға халықтық салт-дәстүр бойынша оралған нан қаравайы табыс етілді.

Орталық төрайымы Любовь Богнат, сондай-ақ ҚХА Павлодар облысы төрағасының қоғамдық орынбасары Рустам Смаилов құттықтау сөз сөйледі.
«Надзея» жастар ұжымының қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.

«Надзея» және «Крыницы» ансамбльдері көпшіліктің сүйікті әндерін орындады. Марина Плитко «Қазағымсың» композициясын ұсынды, ал концерт әртүрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан елге деген сүйіспеншіліктерін білдіретін «Я дзякую табе, мой Казахстан» нөмірімен аяқталды.