Павлодарда бесінші қабаттан құлаған бала ауыр жағдайда жатыр
27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында қыз бала бесінші қабаттан құлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған бала бесінші қабаттан құлаған. Сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген.
- Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды, - деді басқармада.
Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.
Фото: ашық дереккөздерден