Павлодар облысында қатты желде жылқыларды көлік қағып кетті

Павлодар облысында қатты желде жылқыларды көлік қағып кетті
Фото: Константин Шелков

Қораның есігі қатты желдің кесірінен ашылып кеткен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсан күні сағат 05:30 шамасында Омбы - Майқапшағай тас жолында, Заря ауылының маңында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жылқыларды қағып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше бас жылқы жол апаты орнында өліп қалды. Жылқылардың иесі анықталды. Ол Заря ауылының тұрғыны болып шықты. 

– Түнде қатты желдің кесірінен қораның есігі ашылып кетіп, іштегі 15 жылқы шығып кеткен, – дейді департаментте. 

Жылқылардың иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.