Қолайсыз ауа райы: Павлодарда бірнеше бағдаршам істен шығып, ағаштар құлады

Қолайсыз ауа райы: Павлодарда бірнеше бағдаршам істен шығып, ағаштар құлады

Оған себеп ауа райының қолайсыздығы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді. 

- Күн райының бұзылуына орай қазіргі уақытта облыс орталығында 5 бағдаршам жұмыс істемей тұр. Ақауды жоюмен 2 топ айналысуда, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қатты желден ағаштар құлаған. Опырылған ағаштарды шығарумен 3 жұмысшылар тобы мен 3 мамандандырылған техника жұмылдырылғаны белгілі болды.