Павлодарда биатлоннан ел Кубогінің үшінші кезеңі аяқталды
Жарысқа Қазақстанның жеті өңірінен келген 100-ге тарта спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Grand Tour Biathlon Қазақстан Кубогінің Павлодардағы кезеңі Риддер мен Оралдан кейін өткізілді. Әрі қарай спортшыларды Щучинск күтіп тұр. Алты кезеңнен кейін үздік облыс құрамалары мен спортшыларына ақшалай сыйлықтар мен ел Кубогі табыс етіледі. Одан бөлек, ең мықты биатлоншылар 10-15 сәуір аралығында Норвегияда өтетін фестивальге және 2024 жылдың желтоқсанында Словенияда өтетін Sport Camp IBU жаттығу жиынына жолдама алады.
- Бұл жарыс, бірінші кезекте, балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту, спортшылардың шеберлігін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ биатлонды кеңінен насихаттау да мақсаты тұр. Биылдан бастап ҚР Кубогінің форматы Grand Tour Biathlon жарысы болып өзгерді. Мұнда көшбасшылар жейдесі, кубоктар және жас спортшыларды ынталандыруға қажет нәрселердің бәрі бар. Рейтинг жүргізіледі және соның нәтижелері бойынша үздіктерге Қазақстан Кубогі тапсырылады – бәрі Әлем Кубоктарындағыдай, - дейді жарыстың бас төрешісі, облыстық биатлон федерациясының басшысы, облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Николай Выдрин.
Үшінші кезең 100-ге тарта спортшының қатысуымен өтті. Оған павлодарлықтардан өзге, Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды мен Алматы облыстарының биатлоншылары келді. Қазақстан Кубогінің үшінші кезеңі бір аптаға созылып, эстафетамен аяқталды.