Павлодарда бизнес үшін гранттар беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталады

Павлодарда бизнес үшін гранттар беру кезінде жемқорлық тәуекелдері анықталады
Фото: Константин Шелков

Жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бизнеске қаржылық қолдау көрсету (гранттар) саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz. 

Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі   талдауды ағымдағы жылдың шілде айында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қатысуымен жалғастырады.

– Сонымен қатар, тиісті құзыреті бар және талданатын саланың қызметіне бағдарланған өңірдің бей-жай қарамайтын тұрғындары ақпарат беру арқылы өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады, – дейді  Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде. 

 Кері байланыс үшін 87072073200 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша немесе Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 37, «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша хабарласуға болады.