Павлодарлықтар заңгерлердің кеңесін тегін ала алады

Оларды тікелей эфирде де жазып, қалдыруға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
25 қыркүйекте сағат 11:00-де Ген.Дюсенов, 80 мекенжайында орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында «Диалог алаңы» акциясы өтеді.
Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы орынбасарының м.а., адвокат, жеке сот орындаушысы, нотариус және заң консультанты қатысады.
Барлық мүдделі азаматтарды іс-шараға қатысып, өздерін толғантқан сұрақтарды қоя алады. Іс-шараның тікелей эфирі Әділет департаментінің Instagram парақшасында көрсетіледі.